Ауысымдар мен зауыт кіру нүктелерін бір жүйеде басқарыңыз
Өндірісте қызметкер көп, ауысым тез ауысады және кіру нүктелері бірнешеу. Қолмен жүргізілген журнал бұған үлгермейді. OneWork әр кіру нүктесіндегі терминалды бір есептік жазбаға қосып, сағаттарды ауысым бойынша өзі есептейді.
Зауытта не қиын
Ауысым алмасуы шатасады
Күндізгі мен түнгі ауысым арасында кім қашан келгені нақты жазылмайды. Қосымша сағаттар дауға айналады.
Бірнеше кіру нүктесі
Әр кіріс өз журналын жүргізеді және олар бір-біріне сәйкес келмейді.
Интернет үзіліп тұрады
Өндіріс аумағында байланыс тұрақсыз. Байланыс жоғалғанда жазба да тоқтайды.
OneWork қалай шешеді
Ауысым кестесі
Әр ауысымға өз басталу мен аяқталу уақыты қойылады. Кешігу мен қосымша сағат сол кесте бойынша есептеледі.
Көп терминал, бір есеп
Әр кіру нүктесіндегі Hikvision терминалы бір есептік жазбаға қосылады. Жазбалар бір ағында көрінеді.
Интернетсіз де тоқтамайды
Байланыс үзілгенде дерек құрылғыда сақталады, интернет қайтқанда өзі жүктеледі.
Жалақы мен айыппұл есебі
Істелген сағатқа қарай жалақы, айыппұл, бонус және аванстар жүйе ішінде есептеледі.
Зауыттағы бір күн
- 06:00
Бірінші ауысым кіреді, үш терминалдан жазба түседі.
- 14:00
Ауысым алмасады, істелген сағаттар автоматты жабылады.
- 22:00
Түнгі ауысым басталады, қосымша сағаттар бөлек есептеледі.
Енгізу қалай өтеді
- 01
Қажеттілікті анықтаймыз
өндіріс жұмыс тәртібін, ауысымдар мен филиалдар санын бірге қараймыз.
- 02
Құрылғы немесе қосымша
Face ID терминалын орнатамыз немесе мобильді қосымша мен геоаймақтарды баптаймыз.
- 03
Ережелерді баптаймыз
Ауысым уақыты, кешігу, айыппұл және бонус ережелері сіздің тәртібіңізге бейімделеді.
- 04
Іске қосамыз
Қызметкерлерді қосамыз, беттерді жазамыз және командаңызға жұмысты көрсетеміз.
Баптау әдетте бір күнде бітеді. 14 күндік тегін сынақ бойы жүйе толық жұмыс істейді, карта қажет емес.
Өндіріс бойынша сұрақтар
- Неше терминал қосуға болады?
- Терминал саны шектелмеген. Әр кіру нүктесіне бөлек құрылғы қоюға болады.
- Түнгі ауысым сағаттары қалай есептеледі?
- Ауысым кестесінде түнгі ауысым уақытын белгілейсіз. Жүйе сол кесте бойынша сағаттарды бөледі.
- Қандай Face ID құрылғылары қолдау табады?
- Әзірге Hikvision терминалдары қолдау табады. Басқа өндірушілер жоспарда.
- Бір қызметкер екі цехта істесе не болады?
- Әр цех бөлек филиал ретінде жүргізіледі. Қызметкер қай цехта белгілегені жазылады, сағаттары сонда түседі.
- Терминал істен шықса, есеп тоқтай ма?
- Жоқ. Басқа кіру нүктесіндегі терминал жұмысын жалғастырады, қажет болса қызметкерлер уақытша мобильді қосымшада белгілейді.
Зауытыңызда 14 күн тегін сынап көріңіз
Бір кіру нүктесінен бастаңыз. Жұмыс істегенін көрген соң қалғанын қосасыз.